- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 13 ноября 2026
- Просмотров: 9
13 қараша күні З. Жарқынбаев атындағы № 202 мектеп- лицейінің кітапханасында № 2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбек Ері Нартай Көкиевтің туғанына 125 жыл толуына орай "Еңбек- ырыстың қазығы" атты 7 сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Жаңадария ауылдық №14 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын Дәулетбек Байдрахманұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби кеш өтті.
Аудандық кітапханада «Нашақорлық – қоғам дерті» атты ішкі істер бөлімінің қызметкері Ахметова Ұлбосынмен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін зиянды әсері туралы түсіндіріліп, қатысушылар құқық қорғау қызметкерінен маңызды ақпараттар алып, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде ой бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап алды
Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы осы жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында “Үздік оқырман - 2026” облыстық байқауын ұйымдастыруда.
Жалағаш ауданындағы «Руханият» орталығында мәдениет саласының ардагері Айшықхан Шоңбаевтың құрметіне арналған «Өнегелі өмір» атты кітаптың таныстырылым кеші өтті.










