- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 15 октября 2026
- Просмотров: 0
Дина Нұрпейісова – қазақтың күй өнеріндегі дара тұлға, Құрманғазының шәкірті, ұлы домбырашы. Биыл халқымыз ұлы өнерпаздың туғанына 165 жыл толуын атап өтуде.
Осыған орай аудандық кітапханада «Ұлы дала күйшісі- Дина" атты әдеби кейс өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Динаның өмір жолымен, шығармашылығымен танысып, күйлерінің мән-маңызын талқылады. Күй арқылы ұлт рухын танытқан Дина Нұрпейісованың өнері – өшпес мұра.
Руханият орталығында «100 кітап» жалпыұлттық сауалнаманың қорытындысы бойынша ұсынылған кітаптарды насихаттау максатында "100 кітап - ұлт таңдауы" атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.Шараның мақсаты:Жалпы ұлттық кітап оқу мәдениетін дамыту, әдеби мұраны дәріптеу, түрлі буын өкілдерінің кітапқа деген талғамын зерделеп, әдеби құндылықтар жүйесін саралау және әдеби орта қалыптастыру.










