- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 15 октября 2026
- Просмотров: 24
23-сәуір — Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне орай Руханият орталығында "Кітаппен кемел болашаққа" атты эрудит шоу өткізілді. Рухани шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. Амандық құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар кітапхана мамандарын марапаттады. Аудан тұрғындары және кітапхананың тұрақты оқырмандары ашық аспан астына қойылған кітап инсталляциясымен танысты. “Қаламгер. Кітап. Кітапхана” атты жергілікті қаламгерлер мен жас оқырмандар арасында кездесу өтті.
Аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, тарихшы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Тағдыр» романы бойынша «Тарих пен тағдырды тоғыстырған жазушы» атты тағылымды кітап талдауы өткізілді. Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмірбаяны, шығармашылығымен сүбелі еңбектерінен жасақталған кітап көрмесімен таныстырылды. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – тарихи туынды, қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тағдырлы кезеңдерін бейнелейтін шығарма.
№232 Мардан Байділдаев атындағы мектептің кітапханасында Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиетші,ғалым, фольклорист Мардан Байділдаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Тәрбие. Тағылым. Таным." атты портрет кеші өткізілді. Іс-шараға 6-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты — ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылыми-әдеби мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, оның халқымыз үшін сіңірген еңбегін насихаттау, оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық рухани құндылықтарды бағалау сезімін қалыптастыру.
Бұқарбай батыр ауылдық кітапханасында «Мейірімділік отбасынан басталады» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда мейірімділік, жанашырлық және толеранттылық құндылықтарын насихаттау, отбасының ерекше жандар өміріндегі маңызын көрсету болды. Шара барысында қатысушылар отбасыдағы мейірімділік, қолдау және қамқорлықтың маңызы туралы ой бөлісіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл кездесу – жүректен жүрекке жеткен жылы әңгіме, өзара түсіністік пен қолдаудың айқын көрінісі болды.
Балалар кітапханасында 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы апталығының ашылуы болды. Осыған орай «Кітаптың құпия әлемін бірге ашайық» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күннің ашылуын Балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлжанат Жақсылыққызы ашып берді.Іс-шара барысында балалар кітап әлеміне саяхат жасап, қызықты ертегілермен танысты, түрлі әдеби ойындар мен танымдық тапсырмаларға қатысты. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелер айтылып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы арта түсті. Балалар үшін бұл күн ерекше әсерлі әрі пайдалы болды. Кітап – білімнің кілті, рухани қазына екені тағы бір мәрте дәлелденді.










