- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 15 октября 2026
- Просмотров: 15
"Бір ел - бір кітап акциясы" аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтың Тағдыр романын оқуға ұсынылды. Осы орайда мектеп кітапханасымен Аққұм ауылдық кітапханасы бірлесе отырып "Қаламгер қалдырған тарихи тағдыр" атты оқырман конференциясы өткізілді. Конференция аясында оқушылар түрлі сұрақтарды талқылады. Мақсаты: оқырмандарды ұлттық әдебиеттің таңдаулы туындысымен таныстыру, тарихи сананы қалыптастыру, ел тағдыры мен адам болмысы жайлы терең ой қозғау, сондай - кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Аудандық кітапханада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ізгілік бесігін тербеткен, аяулы жан» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Кеш барысында аяулы аналар мен ардақты апаларға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше орны жайында тағылымды әңгімелер айтылды. Қатысушылар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жылы естеліктерімен бөлісті.
Аудандық кітапханада «Кітапхана саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің ақпарат іздеу, библиографиялық қызмет көрсету, оқырмандармен байланыс орнату, мәтін дайындау және цифрлық контент жасау бағыттарындағы мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, практикалық тапсырмалар орындалып, жаңа бағдарламалармен жұмыс жасау дағдылары көрсетілді. Тренинг кәсіби біліктілікті арттыруға, кітапхана қызметін заманауи талаптарға сай дамытуға үлкен серпін берді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, пайдалы тәжірибелермен бөлісті. Заманауи технология – уақыт талабы. Кітапхана ісін жаңғырту жолындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Есет батыр ауылдық кітапхана мен мәдениет Үйі бірігіп “Бала қиялы - шексіз әлем’ атты сурет байқауын өткізді. Сурет байқауының негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және өнерге деген қызығушылығын арттырып, қиял мен ойлау қабілетін жетілдіру: белгілі бір тақырыптар арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Таң ауылдық кітапханасында ауған соғысының аяқталғанына 37 жыл толуына орай "Отты жылдар естелігі" атты Тәжік-Ауған шекарасында қызмет еткен жауынгерлермен кездесу кеші өткізілді. Ерлік пен елдік рухы тоғысқан шараға Тәжік-ауған шекарасында болған жауынгерлер Әділжан Ташенов, Нұрлыбек Оспанов қатысты.Кездесудің басты мақсаты – ел шекарасын қорғауда табандылық танытқан азаматтардың ерлігін дәріптеп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.Шара барысында кеш қонақтары әскери қызметтегі естеліктерімен бөлісіп, қиындық пен жауапкершілікке толы күндер туралы әңгімеледі. Олар ел тыныштығының оңайлықпен келмейтінін, әр сарбаздың батылдығы мен бірлігінің арқасында қауіптің алдын алғандарын ерекше атап өтті.Жастар арасынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.










