Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Мөрәлі Шәменов – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға, Ұлы Отан соғысының ардагері, ел үшін аянбай еңбек еткен қоғам қайраткері. Ол 1916 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Коммунизм ауылында дүниеге келген. Майдан даласында ерлік көрсетіп, әскери барлаушы ретінде көптеген маңызды шайқастарға қатысқан. Ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары да ел игілігі үшін еңбек етіп, ауыл шаруашылығы мен қоғамдық жұмыстарды дамытуға зор үлес қосты. Оның есімі туған елінде құрметпен аталып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып келеді.

Осыған орай, М. Шәменов ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен батыр тұлғаның 110 жылдық мерейтойына арналған “Еңбектің дарабозы” атты жас ақындар жыр мүшәйрасы өткізілді. Шараның мақсаты – Мөрәлі Шәменовтың ерлігі мен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштік рухты көтеру және ұлттық поэзияны дамыту.Мүшәйраға аймақ ақындары қатысып, ел қорғаған ердің бейнесін, оның өмір жолы мен ерлігін жырға қосты. Қатысушылардың шығармалары патриоттық рухқа толы болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.Іс-шара барысында үздік ақындар марапатталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай тағылымды шаралар – тарихты ұлықтап, батырлар ерлігін ұмытпауға бағытталған маңызды мәдени бастама болып табылады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni