Таңдаулы 100 кітапты насихаттау мақсатында, жас оқырмандарды әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ әдебиетінің маңызды шығармаларын таныстыру үшін Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мардан Байділдаев атындағы №232 мектептің 5-ші және 6-шы сынып оқушылары қатысқан «Жүз кітап – жүз қазына» атты әдеби круиз өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, әдеби шығармалар бойынша сұрақтарға жауап берді.

1-топ — Абай мұрагерлері

2-топ — Қазақ рухы

Бұл шара арқылы жас ұрпақ қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен танысып, оқуға деген қызығушылықтары артты.