Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері болып табылады. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор. Фестиваль аясында ұлттық мұрамызды насихаттау мақсатымен «Қолөнер – ұлттық мұра» атты шеберлік павильонынында аудан тұрғыны, қолөнерші Бакесова Гүльнараның туындыларынан шеберлік сағаты өткізілді.
