5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Руханият орталығынының қызметкерлері арасында «Ой-сана» интеллектуалды сайысы өткізілді.

Сайыстың басты мақсаты Руханият орталығында қызмет атқаратын 7 мекеме мамандарының арасында ауызбіршілікті нығайту, достық қарым-қатынасты арттыру, білім мен тапқырлықты ұштастыру, сондай-ақ командалық рухты қалыптастыру.

Қатысушылар жеребе арқылы 4 командаға бөлініп, білім мен зерделілік сынға түскен сайыста бақ сынады. Олар: «Руханият», «Зерек», «Аршын», «Парасат» командалары.

Қызықты әрі тартысты өткен білім додасының қорытындысы бойынша:

І орын – «Аршын» тобы

ІІ орын – «Руханият» тобы

ІІІ орын – «Парасат» тобы

Ал белсенділік танытып, сайысқа ерекше атсалысқан «Зерек» тобы Алғыс хатпен марапатталды.