Жас таланттардың шығармашылығын қолдау, оқырмандармен тығыз байланыс орнату және әдебиетке қызығушылықты арттыру мақсатында «Өрелі өлең, әсем ән»  айдарымен жас ақын, журналист, Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі Қазмағанбетова Ләззат Сағынтайқызымен кездесу өткізілді. Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде тілші болып қызмет атқарып жүрген қаламгер өз жырларын оқырмандарымен бөлісті. Шара соңында қаламгермен естелік суретіне түсіп, ақынға сый жасалды.