Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы осы жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында “Үздік оқырман - 2026” облыстық байқауын ұйымдастыруда.
4 қараша күні Руханият орталығындағы аудандық кітапханада облыстық "Үздік оқырман-2026" байқауының 2-ші кезеңі қорытындыланды. 2-ші кезеңге аудан бойынша барлығы 72 адам тіркелген. Тестілеу нәтижесі бойынша ауызша сұрақ-жауапқа 23 үміткер іріктелді.
Құрамында ақын, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қ.Есімсейітова, журналист, қарымды қаламгер Қ.Әбдуов, журналист, жазушы, "Үркер" ұлттық сыйлығының иегері Н.Мықтыбай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана басшысының орынбасары А.Жанғабылова, Жалағаш аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ұ.Нұрымбетова, Г.Әлиасқарова бар қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге А.Ақтауова, 1-ші орынға Қ.Құлмахан, 2-ші орынға Н.Маханбет, 3-ші орынға Б.Қайырберген мен А.Медеубаева ие болды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

