Жаңадария ауылдық №14 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын Дәулетбек Байдрахманұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби кеш өтті.
Шараға №203 орта мектептің 7- сынып оқушылары қатысты, оқушылар Ақын Дәулетбек Байдрахманұлының Туған жер, Ана сүті, Аналар өмір шуағы, Бесік жыры, Алға Қазақстан атты өлеңдерін оқыды. Ақынның әр өлеңі – оның өмірі, тағдыры, халқына деген махаббаты.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Дәулетбек Байдрахманұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Оқушыларды туған жерді, тілді, поэзияны сүюге тәрбиелеу. Кітап оқуға, өлеңге деген қызығушылықты арттыру.
