13 қараша күні З. Жарқынбаев атындағы № 202 мектеп- лицейінің кітапханасында № 2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбек Ері Нартай Көкиевтің туғанына 125 жыл толуына орай "Еңбек- ырыстың қазығы" атты 7 сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Еңбек Ері Нартай Көкиевтің өмірі мен еңбек жолын таныстыру, тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 