
Аудандық кітапхана 7 сәуір күні Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде өткен жергілікті қаламгер, зерттеуші Ахмет Тілеулиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешіне "Туған жердің дара тұлғасы" атты кітап көрмесін ұйымдастырды."Тұлға. Зерттеуші.Қаламгер" және "Болмысы бөлек дара тұлға" атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесіне қаламгердің "Қарақұм", "Қарақұм перзенті","Ерлердің ісі бітер ме?","Сырдың суы","Дәннің салмағы" атты шығармалары және "40 жылдан кейінгі кездесу" атты Ахмет Тілеулиевтің курстастарының шығарған естелік кітабы қойылды.Туған жердің тарихын таразылап, еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан қаламгердің есімі ұлықталды.












