
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы және білім бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын, журналист Жақсыбай Сарбалаұлының 75 жылдық мерейтойына байланысты аудан мектептері арасында ғылыми жоба өткізілді. «Ақын – елдің ардағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жергілікті қаламгер Жақсыбай Сарбалаевтың өмірі және шығармашылығын зерттеу. Жақсыбай Сарбалаұлына арналған ғылыми-жоба кешін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман ашып берді. Сонымен қатар, Жақсыбай атамыздың жары Таипова Анар, келіні Қонарова Жүзім келіп, ғылыми-жобаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ғылыми-жобаға 14 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша бас жүлде иесі №114 мектептің оқушысы Жайна Байзақ, 1 орын №118 мектептің оқушысы Назгүл Жалғасбай, 2-орын №201 мектеп-лицейінің оқушысы Мадина Төлепберген және №117 мектептің оқушысы Динара Асан иеленсе,3 – орынды №202 орта мектептің оқушысы Бота Табынбаева, №188 мектептің оқушысы Бибінұр Жаналиева, №246 мектептің оқушысы Нұртөре Ахат қанжығаларына байлады. Қалған оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ғылыми – жоба кешіне қатысушылар Жақсыбай Сарбалаұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде жоғары деңгейде қабілеттерін көрсетті.












