
Аудандық кітапханада Елбасының «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы бойынша «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Оқырмандар конференциясының мақсаты: қазақ тілімізді латын әрпіне көшірудің халқымыздың білімі мен мәдениетіне тигізетін артықшылығын түсіндіру. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммунмкацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты. Осы шараға арналып «Латын әрпіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Латын әрпін насихаттауға арналған оқырмандар конференциясына кент орталығындағы мектептердің мұғалімдері Салтанат Қосжанова, Лаура Кеңесова, Гүлнар Әбіласанова, Сәбира Балбырова, Күміс Қайруллаева және мектеп оқушылары қатысып, мұғалімдер қазақ тілінің латын әрпіне ауысуының маңызы туралы баяндамалар жасады. Мұғалімдер қазақ әліпбиінің өзгеруі білім ғылым саласына көп өзгерістер әкелетіні туралы айтса, №123 Т. Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті маманы Салтанат Қосжанова өзінің сөзінде латын әрпінің енуі қазақ тілінің мәртебесін көтеретін бірден бір құрал екенін дәйекті түрде жеткізіп берді.












