
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы аясында Жалағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Мәдениет және өнерді дамыту орталығында» аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті.Іс-шараның мақсаты: Елбасының «Болащаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көрсетілген замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуді насихаттау, еліміздің ұлттық-рухани байлығын жаңғырту, тіл мәдениетін, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жастар арасынан дарынды, талапты жасөспірімдердің шығармашылығын көтеру.
Жас ақындардың өнерін сынаған әділқазы алқасында аудандық кітапхананың директоры Ұ.Меңдібаева, Қуат Адис - «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі және Айдын Болатұлы - «Жастар ресурстық орталығының» кеңесшісі төрелік етті.
Әділқазылар алқасының қорытындысымен бас жүлдені Бағлан Есқара – З.Жарқынбаев атындағы № 202 орта мектептің 7 сынып оқушысы, I орынды -Дилназ Указбек - № 201 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы, II орынды - Жансая Нұрмұрат - №116 мектептің 6 сынып оқушысы, III орынды - Сұлу Ахметжан- № З. Жарқынбаев атындағы
№ 202 орта мектептің 7 сынып оқушылары иеленіп, алғыс хаттармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Осылай, жас ақындарымыз еліміздің рухани жаңғыруына өз үлестерін қосты. Іс-шараны кітапханашы Ж.Ешімова жүргізді.












