
Аудандық Кітапханада Астананың 20 жылдық мерекесіне орай "Жырлаймын Астанамды" атты мəнерлеп оқу кеші өтіп,оған "Астана-елміздің айбыны" тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылып,таныстырылды. Кешке номері 201,202,246 мектептердің оқушылары мен Жалағаш индустриалдық агроколледждің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Іс-шараның мақаты:Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен "Ел жүрегі-Астана"-Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы бекітілуіне байланысты Қазақстан тəуелсіздігінің бас рəмізі жəне табысты даму факторы ретінде қаланың одан əрі белсенді дамуын ақын-жаушылардың Астанаға арнаған өлең-жырлары арқылы насихаттау.
Мəнерлеп оқудан 1орынды-Бағлан Есқара - З.Жарқынбаев ат. 202 мектептің 7 сынып оқушысы,2 орынды - Ақерке Кеңесбай Ш.Ермағанбетова ат 246 мектептің 6 сынып оқушысы, 3 орынды - Аружан Əбсəлім 201 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы жеңіп алды, ал басқа қатысушылар алғыс хаттпен марапатталды.












