
Аудандық кітапханада «Жас Отан» Жастар қанаты мен аудандық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен қазақтың ғұлама ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Абай салған дара жол!» тақырыбында әдеби танымдық кеш өтті.Танымдық кештің мақсаты: жастардың назарын қазақтың ұлы ғұлама, ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларына аудару, Абай шығармаларының өзегін құрайтын рухани байлыққа ие болуға, білім, ар-намыс, адамгершілік қағидаларын насихаттауға шақыру.












