
Тіл мерейі
5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тіл мерекесі күні. Осы мерекелік күнге орай аудандық кітапханада «Тіл мерейі» атты дөңгелек үстел кеші өтті.Кештің мақсаты мемлекеттік тіліміз-қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ тіліміздің қолданыс кеністігін ұлғайтып, тіл тазалығына назар аудару және жастарды Алаш арысы, қазақ тілінің негізін қалаушы, педагог, түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Кеш қонағы ретінде «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Дина Мейірманова және Ерім Төлепбаев ағай қатысып, жастарға азақ тіліміздің ерекшелігі, байлығы, көркемдігі туралы келелі әңгіме айтылды, сонымен қатар «Тіл сақшысы» газетінде жарияланған өзекті мақалалар туралы сөз болды. Кешке «Мәдениет және өнерді дамыту орталығының» қызметкерлері мен кітапхана мамандары мен оқушылар қатысты.












