Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Мен және кітапхана

     

                      43419371 492164297938352 4852972505113034752 n        44821366 492164167938365 8365719659718115328 n

   Жалағаш аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Үздік кітапханашы - 2018» атты кітапханалық шоу- байқауы мамандар арасында өткізілді. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы - кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы айтып жеткізу мүмкін емес.

Байқаудың шарты:
1 - визитка:кітапхана – мақтанышым - кітапхана мен мамандықты жарнамалау; өзін-өзі таныстыру /видео-ролик/
2 - есімдер калейдоскопы - әдеби құпия; /Бір ел -бір кітап/
/сүрақ- жауап/
3 - өз- өзіме шебермін - /өнер көрсету/ /ән, би, мәнерлеп оқу,салат түрлері/
4 - кітапханалық лото – шеберлікті шыңдау/сұрақ-жауап/
5 - білу сенің міндетің- /кәсіби мамандыққа байланысты сұрақ- жауап/
Кітапханалық шоудың басты мақсаты: мамандарымыздың шығармашылық жетістіктерін айқындау, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру, кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту болды яғни, кәсіби мамандыққа тән шеберліктерін жоғарылату. Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешіміне сәйкес кітапхананың дипломдарымен, алғысхаттармен және сыйлықтармен, номинациялармен марапатталды. 
І дәрежелі дипломмен – Аққұм онлайн орталығының кітапханашысы – Ақтоты Көшекбай 
ІІ дәрежелі дипломмен – Аудандық кітапхананың кітапханашысы - Әйгерім Шарапатова
ІІІ дәрежелі дипломмен – Балалар кітапханасының кітапханашысы -Қайырбаева Иммагүлсім марапатталды. Алдағы уақытта да үнемі ізденіс үстіндегі кітапханашылар қоғам өміріне белсене қатысып, жақсы бастамалардың жаршысы бола бермек.


Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni