Мақсаты: Рухани жаңғырудың басты темірқазығы – Қазақтың латын әріп-таңбалы жаңа әліпбиін қолдап, бүкіл қазақстандықтар бір кісідей жұмылып, дәйекті түрде жеткізу.
Латын әліпбиі рухани жаңғырудың адастырмас темірқазығы

Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы жайлы жұртшылықтың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз ету, пікір алмасу мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастырумен «Латын әліпбиі рухани жаңғырудың адастырмас темірқазығы» атты конференция өткізілді.












