Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Ең үздік оқырман

                                       52977083 413815172709292 1222764428823363584 o       52989927 413815289375947 5778302850891251712 o

 

«Ең үздік оқырман» бенефисі

        Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, кітап оқымайтын оқырмандарды кітапханаға тарту,ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы оқырман бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді. Кешті аудандық кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева ашып берді. Оқырман бенефисінің басты қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құлмахан Қожантай ағамыз болды. Ағайдың кітапхана қорынан осы уақытқа дейін көркем әдебиет және басқа салалар бойынша оқыған кітаптар саны – 255 ке жетіп отыр. 
Сонымен қатар Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері Ә.Әлішбаева, Р.Сабытовалар әннен шашу шашса, аудандық әуез мектебінің қызметкері С.Қайранбаев домбырадан күй шертті. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Н.Сералы ағайға деген жылы лебізін білдіріп, аудандағы, ауылдағы ерікті жастармен алдағы уақытта жұмыс жүргізетіндігін айтып өтті. Дәуімбай елді мекенінің тұрғыны, кітапхана оқырманы Ертуғанов Сейітмахан атамызда оқыған кітаптарынан сыр шертті. №201 мектеп – лицей ұлан оқушылары да көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Сондай – ақ аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Н.Алмасқызы да сөз кезегін алып, алғысын білдірді. Музей қызметкері Т.Қозыбағаров ағай туралы сөз қозғап, жастарға кітап оқуға шақыратындығын айтты. Кеш соңында Қожантай ағайға, оқушыларға кітаптан сыйлық берілді. Кеш өте әсерлі, қызықты өткізілді.


Пікір қалдырыңыз

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2019

Жолдау 2017 жыл

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1