
Аудандық кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күнімен қатар келіп отырған кешіміздің қонағы «Ән-жырды жүрегімде әлдилеймін» және «Перзент парызы» атты кітаптардың авторы, ақын апамыз Роза Көшекбайқызымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, қазақтың ақын қызы әрі әнші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық Аналар Кеңесінің төрайымы, тәжірибелі ұстаз және кәсіпкер, жерлесіміз Ералиева Роза Көшекбайқызының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш Коворкинг орталығында өткізілді. Кештің мақсаты: Оқушыларды жергілікті ақын Ералиева Роза Көшекбайқызының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Шараға мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқыса, әуез мектебінен С.Қайранбаев домбырадан күй тартты, мәдениет және өнерді дамыту орталығының қызметкерлері Б.Боранбаев, Р. Байдулла әннен шашу шашты, сонымен қатар өлке жазушысы Қалжан Өтегенқызы да шараға қатысып өз лебізін білдірді. Кешімізді аудандық кітапхананың директоры Ұ.Меңдібаева қортындылап, сый сияпат тапсырды.












