Былтырғы жылы осы мақсатта аудандық кітапхана жанынан жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қаралып, «Коворкинг» орталығы ашылған болатын. Биылғы жылы Мәдениет және Аққұм ауылдық кітапханаларында Coworking орталығы жабдықталып, пайдалануға берілгелі отыр - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Ашылу рәсімінде Мәдениет ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ердулла Рахметов сөз алып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Қ.Досмағанбетова ашылу рәсіміне қатысып, арнайы кітаптан сыйлық тарту етті.
Мәдениет елді мекенінен шыққан ақын-жазушылар кітаптарының фото-көрмесімен, Book cafe жұмысымен, орталықтың жұмысымен танысқан қонақтар Bookcrossing кітап алмасу акциясына қатысты.№32 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Нұралы Мардан Bookcrossing кітап алмасу акциясында аудан әкімімен кітап алмасып, атасының шығармасыан үзінді оқыды. «Мен ұнатқан бір кітап» атты тақтайшаға келген оқырмандар өзінің ұнатқан кітабын естелікке жазып қалдырды.