Дөңгелек үстел қонақтары ардагер ұстаз, өзге ұлт өкілі Иванченко Галина Николаевна, Жалағаш ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция лейтенанты Сәкен Мұхиддин, Жалағаш ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы Салтанат Калменова, «Жалағаш жаршысы» газетінің бөлім меңгерушісі Н.Қазбеков өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар №123 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары келген қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелді кітапхана әдіскері Раушан Қалиева жүргізіп отырды. Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.













