Байқаудың шарттары екі кезеннен тұрды:
1. Мұқағали Мақатаевтың шығармасынан үзінді оқу
2. Еркін тақырыпта (кез - келген автордың) шығармасынан үзінді оқу.
Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, 1 орын Т. Жүргенов атындағы 123 мектеп - лицейінің оқушысы Қашақбай Ақниет, 2 орын Ш. Ермағанбетова атындағы 246 мектептің оқушысы Жаханша Гүлфайруз алса, 3 орынды Шаменов ауылы 34 мектеп оқушысы Сыдық Балнұр иеленіп дипломдар мен бағалы силықтармен марапатталып, қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.