Аудандық байқауды кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Әділ-қазылар алқасы Қазбек Нұрсұлтан- Жалағаш жаршысы газетінің тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі; Әлиасқарова Гүлсім- аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі; Қалиева Раушан - аудандық кітапхананың әдістеме – библиография бөлімінің меңгерушісі.
Аудандық байқауға 10 талапкер қатысты. Байқау 2 шарттан тұрды. Бірінші шарт бойынша жас ақындар Жасұлан Серіктің поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші шарт бойынша еркін тақырыпта өз өлеңдерін оқыды.
Сайыс нәтижесінде бас жүлдені Қаракеткендік Темірхан Айтмұрат иеленсе, жүлделі І орынды Аққұм ауылы №38 орта мектептің 9 сынып оқушысы Бақберген Нұрай, ІІ орын Ақсу ауылынан келген Нұрмұрат Жансая, ІІІ орынды Таң ауылы №118 мектептің 5-сынып оқушысы Жасұланұлы Нұрдидар иеленді. Ақын өзінің өлеңдерін жақсы оқыған оқырмандарға, жеңімпаздарға арнайы сыйлық табыстап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.