Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Өркениетке бастаған туған өлке

Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Өркениетке бастаған туған өлке" атты Өлкетану жобасы бойынша жерлесіміз жас суретші Мейрамбек Китанов пен кездесу кеші болып өтті.Кешті аудандық кітапхана директоры Ұлмекен Әбілтайқызы ашып берді.

"Көңіл аударар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе" деп Ж.Баласағұни айтқандай болашағынан зор үмітпен,тамаша туындылар күтетін Мейрамбек Қитанов 201 мектеп-лицей қабырғасынан білім ала жүріп, Оқушылар үйінің "Көркемсурет" үйірмесіне қатысып Жұматай Қорғанбаев ағайынан дәріс алып,одан әрі білімін жетілдіру мақсатында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша оқуын жоғары деңгейде тәмәмдап, өзінің алғаш еңбек жолын аудандық Оқушылар үйінен бастаған.

Кездесудің мақсаты: сурет өнеріне қызығушылық танытқан оқырмандарымызға сурет әлемінің қыр-сырын үйрету.Кеш қонақтары М.Қитановтың ұстазы Жұматай Қорғанбаев пен ақын,Жалағаш жаршысы газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Қ.Адисұлы және кенттегі мектеп оқушыларымен, оқырмандар қатысты.

 orkenietke bastagan tugan olke1


Пікір қалдырыңыз

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Алтын Орда

Altyn orda750