Осы мақсатта кітапханада ұйымдастырылған «Абай-дана, Абай дара-қазақта» атты көрмесінде ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармалары, дүниетанымы мен баға жетпес мұрасымен таныстыратын 4 бөлімнен тұрады. Сонымен қатар әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты көрмесі және Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты «Алтын Орда және қазақ хандығы» тақырыбындағы ашық кітап көрмелері оқырмандарға таныстырылды.