23 сәуір - Дүниежүзілік кітаптар күні . Апталық тақырыбы «Кітап- рухани әдебиеттің ошағы». «Кітап- тарих шежіресі» мерекелік кеш болып өтті.
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
«Кітап-ғасыр мұрасы» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды. Кеш барысында мектеп оқушылары өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, кітаптың сарқылмас рухани қазына, жан азығы екенін дәлелдеді. Кітапты сүйіп оқитын оқушылар «Үздік оқырман» атты құрмет грамотасымен марапатталды.















