Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Балалыққа кітаппен барар жол

176707682 1270856499977686 4116844578381721172 n 1
 
     "Балалыққа кітаппен барар жол" апталығы."Ұрпақ тәрбиесі - мәңгілік тақырып" балалар ақыны Қуат Адисұлымен кездесу кеші.
Мақсаты: Жергілікті ақын-журналист Қуат Адисұлының шығармашылығын насихаттай отырып, жас буынның көркем әдебиетке сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық рухтан, ұлттық болмыстан туындаған жырлар арқылы жасөспірімдердің рухани жан дүниесін байыту, кітап оқуға бағыттау. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі - ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екені белгілі. Бүгінгі күні ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылығымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда қаламын қару еткен ақын-жазушыларымыздың орны ерекше. Өйткені олар өз туындыларында қоғамда орын алып жатқан келелі оқиғаларды дүйім жұртқа үлгі ретінде ұсынады.
Осындай қаламгерлер қатарындағы талантты ақын, Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жазушылар одағы ұйымының мүшесі, "Бейбітшілік әлемі" халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің "Шолохов", аталған бірлестіктің "Алтын медалінің" иегері ақын, журналист Қуат Адисұлы бар. Мақсаты айқын бүгінгі кеште ұлттық мүдде мен ұлттық сананы бүлдіршіндердің бойына сіңіріп жүрген, балалар әлеміне өз жырларымен сәуле түсіріп, өмірге бейімдей отырып, өз ұлтының әдебиетіне сүйіспеншілігін арттыру жолында жүрген қаламгердің еңбегі өлшеусіз зор екені айтылды. Ана тілі ұлтымыз үшін қандай қастерлі болса, сол ана тілінде жазылған шығармаларда құнды дүние. Тіпті ұлттың келешегі де, көрешегі де осы - балалар әдебиетімен тікелей байланысты екені байқалды.

Пікір қалдырыңыз

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Алтын Орда

Altyn orda750