Аудандық тарихи өлкетану музейі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 22 Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Музей қызметкері Марат Шөмекеев №201,31 мектептің 8-9 сынып оқушыларын мұражай экспонаттарымен таныстырып өтсе, аудандық кітапхананың кітапханашысы Бақыткүл Рахымбаева «Наурызым-нұрлы мерекем» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесіне қойылған кітаптар «Наурыз» мерекесі туралы мол мағлұматтар құрады. Оқушылар кітапханашыға Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтарын қойып, Наурыз мерекесінің халықтың ауызбірлігін, ынтымағын, халықаралық достық қатынастарды сақтаудағы маңызын түсіндіріп берді.
















