
Аудандық кітапханада "English club" үйірмесінің ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ағылшын тіліндегі кітаптарды оқырманға кеңінен таныстыру мақсатында букбинго өткізілді. Үйірме оқушыларға сыныптан тыс қосымша әдебиеттерді оқыту, рефераттар жаздырту, ағылшын тілінен кештер өткізіп білімін шындауға жол ашады












