
Аудандық кітапханада "Өркениетке бастаған туған өлке" жобасы аясында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, жергілікті қаламгер, ардагер, кітапхана оқырманы Серік Бертаевтың өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында "Қаламгер-руханият шырақшысы" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Көркем ой мен келісті сөзді серік еткен қаламгердің әдебиет майданы мен қоғамдағы ерен еңбегін қаламдастары да жас ұрпақ та ерекше ілтипатпен бағалайды.












