
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл
"Парасатты жол" орталығы аясында, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарды білімге бағыттыу, рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында "Болашақтың мақтанышы — жастар" атты виртуалды шолуды ұсынады.
"Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды" дегендей, жас ұрпаққа мән— мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы, Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабалармыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.












