«Даланың дара ұстазы»
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушысы болып табылады. Ол қазақ жастарын оқыту, халықты сауаттандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.
Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері халқына пайдасын келтіру, өнер мен білімді меңгерудің арқасында өз елін « тастан сарай салдырған», «от пен суды пайдаланып»,
«отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.
Еңбек ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани мәдени акциясына орай
Ы. Алтынсариннің «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңін және басқа шығармаларын насихаттау мақсатында мәнерлеп оқу өткізілді.
Мақсаты: Жастарды білімге баулыған өлеңінде ақын мол байлық- білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жетуі үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.












