Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Бес жауынгерлік орденнің иегері

aab50

Бес жауынгерлік орденнің иегері

Ол бар болғаны 22 жыл өмір сүрді. Оның төрт жылы жан алып-жан беріскен сұрапыл соғыста өтті. Минометшілер взводының, ротасының командирі, аға лейтенант Сражадин полк командирлерінен бастап, армия командирлерінің ұсынысымен бес жуынгерлік орденмен марапатталып, ерлігі мен есімі Ұлы Отан соғысының тарихында қалды.

Қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен батырлығына дүниежүзі халқы тәнті болды. Екінші дүниежүзілік соғыста опат болғандардың көбісі қыршын боздақтар еді. Олар Отан – Анаға берген анттарына адал болды. Сондай азаматтардың бірі, бірегей бар болғаны жиырма екі жас өмірінде, артында өшпейтіндей із қалдырған, елін жаудан қорғауда ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, қан майданда минометшілер ротасының командирі болып, ерлікпен қаза тапқан, жауынгерлік бес орденінің, бірнеше медальдардың иегері, жерлесіміз Сражадин Дүйсенбайұлы Айтуаров еді.

Ол 1923 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қызылорда қаласындағы педагогикалық курсты бітіріп, оқытушылық қызметін бастаған. Жасы толмағанына қарамастан әскери комиссариятқа қайта-қайта барып, 1942 жылдың ақпанында соғысқа аттанған. Ашхабадтағы кіші командирлер дайындайтын училищені бітірісімен, 1942 жылдың 26 тамызынан бастап Кавказ майданындағы 23 атқыштар дивизиясы 69-шы атқыштар полкінің құрамындағы 32-ші минометшілер взводының командирі болып соғысқа қатысқан. 1943 жылдың 26 қыркүйегінде «Қызыл жұлдыз» орденімен, 11 қазан 1943 жылы ҰОС І дәрежелі орденімен, 19.08.1944 жылы 61 армияның №282 бұйрығымен ІІ дәрежелі ҰОС орденімен және ерекше ерлігі үшін кіші командирлерге берілетін Александр Невский орденімен, 15.01.1945 жылы Варшаваны азат етудегі ерлігі үшін ІІІ дәрежелі ҰОС орденімен марапатталған. Сражадин Айтуаров Варшава қаласын азат етуде ауыр жараланып, 1945 жылы 16 ақпанда 2402 әскери дала госпиталінде жеңіске 85 күн қалғанда 22 жасында өмірден өткен.

Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары өмірге келіп, сұрапыл заманда алапат соғысты басынан кешіріп, өмір ерте есейткен қысқа ғұмырында батырға тән ерлік көрсетіп, өмірден өткен ағаның ерлігін Подольск қаласындағы әскери мұражайдан алынған деректер осылай баяндайды. Айтылған марапаттар осының дәлелі. Бұқарбай батыр ауылындағы Мәдениет үйінің алдындағы соғыстан оралмаған жерлес жауынгер бауырларға арналған ескерткіш құлыптаста Сражадин Айтуаровтың есімі бірінші қатарда тұр. Жаста болса майданда қол бастап ерекше ерлік көрсеткені үшін майдан қолбасшыларынан бес жауынгерлік орден алған Сражадиннің ерлігін ауылдастары мақтаныш етеді. Қызылорда қаласында бір көше және Бұқарбай батыр ауылында бір көшенің аты Сражадин Айтуаровтың атымен аталады.


Пікір қалдырыңыз

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер