Аудандық балалар кітапханасы жыл бойы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында түрлі іс-шаралар өткізді.
Күзгі каникул күндерінде біздің кішкене оқырмандарымыздың оқу алгоритмін айқындау мақсатында, "Жазғы ертегі" жобасын қорытындылау есебінде "Жылдың үздік ертегісі" тақырыбымен апталық өткізді.
Апталықтың 1-күні "Ертегі әлемі" кітап көрмесімен ашылды.
2-күні "Мен оқыған ертегі" мәнерлеп оқу сайысы.
3-күні "Кейіпкерлер галереясы" суретшілер сайысы.
4-күні "Ертегім неткен, мұратына жеткен..." ертегіні сахналау сайысы.
5-күні "Бұл ертегіні оқыдым" әдеби лотосы өткізілді.
Шара мақсаты балалар арасында кітап оқудың маңыздылығын көрсету, оқырман ұрпақты қалыптастыру, ертегі арқылы көркем әдебиетті оқуға баулу.












