Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Дәрумендер дауасы

aab55   aab56 

Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудандық кітапхана және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ақын, журналист Қуат Адистің «Дәрумендер дауасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Қуат Адисұлы биылғы «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында жас оқырмандардың тәрбиелік – танымдық, дамытушылық қырларын ашатын, еліміздің болашақ тұлғаларының қалыптасуына игі әсер ететін үлгіде кітап шығарып, ұлттық болмыстың насихатталуына үлес қосқан балалар әдебиетінің өкілі.

Ақынның оқырмандарына тартулары жыл сайын республикалық басылымдар «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен» журналдарында, жасөспірімдердің «Ұлан» газетіне үздіксіз жарияланып келеді.

«Дәрумендер дауасы» кітабы ұрпаққа ұлттық бағытта тәрбие беруде қазақ балалар әдебиетіне, ұлт руханиятына тыңнан қосылған қомақты дүние деп айтуға әбден лайықты шығарма. Автордың қандай туындысы да тәрбиелік бағытта өрілген. Балалар мен жасөспірімдерді адамгершілікке, кішіпейілдікке, адалдыққа, ең бастысы Отансүйгіштік, елжанды болуға баулиды. Кітапта ата-ананың қадірін білуге, бауырын сыйлауға және басқа да туыстық атаулар жайында мағлұмат беретін өлеңдері көптеп кездеседі.

Кішкентай бүлдіршіндер «Дәрумендер» биін билеп, оқырмандар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы ашып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиұлына, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі қаламгер Рысбай Кәрімұлына, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сүлейменов Кенжеғара ағайға, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Қожақұлына беріліп, ақынға өз тілектерін білдірді.

Ақынның әр қадамына, әр шығармасына тілекші боп отыратын жанашыр апалары Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының аудандық филиалының төрайымы, «Достар» мекені бірлестігінің жетекшісі Мирман Дина Нұржанқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Роза Көшекбайқызы және ақын-сазгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Айкүміс Телғарақызы, ұстаздары Кәнтаева Бақыт апай, Төребаев Мұрат ағайлар ақынға шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемін білдіретін жақсы лебіздерін жолдады. Кешті Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлмекен Меңдібаева қорытындылады.


Пікір қалдырыңыз

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер