Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. Басты мақсаты - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен баланың денсаулығын сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, рухани тәрбие беру. Балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті.
Осы мақсатта Жалағаш аудандық балалар кітапханасы "Бала бақыты бәрінен қымбат" тақырыбымен ашық есік күнін өткізді.
Шара барысында оқырмандар кітапхана ережесінен бастап, кітап көрмелерімен, әр бөлімнің атқарар қызметімен танысты. Балалар әдебиеті жылы аясында мемлекеттік тапсырыспен "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" бағдарламасы бойынша шығарылған 40 кітаппен танысты. Түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнады.
"Кемеңгерліктің биік шыңы - Абай" көрмесінде ақын өлеңдерін жатқа оқыды.