

Жалағаш аудандық балалар кітапханасында "Өзің оқығанды досыңа ұсын!" буккроссинг акциясы өтті.
Акцияның мақсаты түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, үйдегі оқыған кітаптарын алмастыру. Кітаптың оқылуына ықпал жасау.
Кітапханашылар акция туралы түсіндіріп, адам мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстың бірі екенін айтып өтті. Буккроссингтің ережесі бойынша оқырмандар әкелген кітаптарын өзара алмасты.