Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

«Сырдың ұлы перзенті»

Елімізге танымал белгілі зерттеуші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Тынышбек Дайрабайдың 80 жасқа толуына орай Жаңаталап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  атты өмірі мен шығармашылығына арналған аймақтық шара болып өтті. Әдебиетке, мәдениетке, жалпы руханиятқа деген құштарлығы Сыр өңірінде ғұмыр кешкен ақын-жыраулар, батырлар мен би-шешендер, ел бастаған көсемдер мен көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылық жолына деген қызығушылықтың әсерімен Тынышбек ағамыз журналистік қызметін зерттеушілікке ұластырды. Осылайша өлкетану оның шығармашылығының бір бағыты іспетті қоғамдық қызметіне айналды. «Тоғанас батыр», «Сырдың сырлы сыры», «Сыр перзенттері», «Темірбек Жүргенов», «Қорқыт Ата» энциклопедиясы, «Билер сөзі – киелі», «Сыр елінің ескерткіштері», «Кете Шөмекей», және басқа зерттеу еңбектері – қаламгердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Тынымсыз ізденгіштік, еңбек¬сүйгіштік қасиеттерімен көпке үлгі болған Тынышбек ағамыздың өмірі мен шығармашылығын өнеге тұтқан жас жеткіншектеріміз көптеген мағлұматтармен бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарымыз Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

07     08


Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni