Ұлттық домбыра күніне орай М. Шәменов ауылдық кітапханасында домбыра үйірмесінің жетекшісі Жүнісқұлова Алмашпен кездесу кеші болып өтті. Шәкірті Нағымет Бақдәулетпен оқырмандарға күй тарту етті.
Халқымыздың рухани қазынасы саналатын домбыра күнін атап өту ұлтты ұйыстыруда үлкен маңызға ие.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған құттықтауында:
«Біз төл өнерімізді дәріптеу арқылы асыл құндылықтарымызды ұлықтай түсеміз. Қазір жаңа Әділетті Қазақстанды құруға кірістік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды қолға алдық. Өркениетті ел болу үшін жаңа дәуірдің жақсы үрдістерін бойға сіңіру жеткіліксіз.
Сонымен бірге салтымызды сақтап, еңбекқорлық құндылықтарын кеңінен дәріптеп, бабалар жолын берік ұстанамыз. Ендеше жұртымызбен бірге домбыра да мәңгі жасайды. Күй өнері азаттық рухын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырады. Домбыра әр шаңырақтың төрінде тұрсын!» – деп атап өтті.













