Астана күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастырылуымен «Астана -Отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
Аталған шараның мақсаты - Елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату.
Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылды












