Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай аудандық кітапханада «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Ұлы Жеңістің тағылымын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, баға жетпес бейбіт өмірімізді қастерлей білуге,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрмеге уақыт сынынан өткен,соғыс пен тыл ардагерлерінің ерліктері мен естеліктері жайында жазылған кітаптар қойылды.
Кітап көрмесі 2 бөлімнен тұрады
1-бөлім: «Ұлы Жеңістің жаңғырығы»,
2-бөлім:«Ұлы ерлік шежіресі»,












