Есет батыр ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі Оралхан Бөкейдің туғанына -80 жыл толуына орай «Алтайдың ақиығы» атты тақырыпта жазушының «Қайдасың қасқа құлыным» шығармасына талдау жасалды. Мақсаты: Белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі туралы мағлұмат беру. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту. Оқушылардың білімді өз ізденістерімен игеруіне түрткі жасай отырып, шығармашылық ізденістеріне жол ашу, көркем сөйлеуге, әдеби тілдерінің дамуына ықпал ету. Оқырмандар «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін оқып, жазушының туған жер табиғатын суреттеуіне тамсана таңырқаса, оның өз әкесіне деген балалық махаббатына сүйсіне қарады. Ал повестегі оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Міне, осыған өкініш білдірген автор келесі туған құлынын анасы өлтіретінін суреттейді де, көңілінде қасқа құлынға деген аяныш, өкініш сияқты сезімдер пайда болады. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар еді деген ойтүйеді. «Қайдасың, қасқа құлынымның» тақырыбы да, мазмұны да оқырмандардың пікірінше осылай ашылады. Көпшілік оқырманды қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешіп, өмірден ерте кеткен, артына мол мұра қалдырған Оралхан Бөкей шығармаларын оқуға шақырамыз.

















