
11 наурыз күні БҰҰ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызылорда облысына арналған бірлескен Бағдарламасы аясында Аққұм ауылдық кітапханасында ауыл кәсіпкерлерін қолдау онлайн орталығы ашылды. Жобаның мақсаты: ауылдық жерлердегі халықтың ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін онлайн орталығының қызметін ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, ауыл жастары сонымен бірге өмір сапасын жақсартып, электронды оқытумен ақпаратқа қол жеткізу үшін ауыл тұрғындары тегін пайдалана алады.
Орталықтың ашылу салтанатында Аққұм ауылдық округінің әкімі Т.Төлегенов, №38 орта мектеп директоры Б.Мұстаяпов, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова және БҰҰ бағдарламасының Аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің бағдарлама үйлестірушісі М.Қоянбаевалар сөз алып, алыстан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болған ауыл тұрғындарына сәттілік тілеп, ашылып жатқан орталықтың қызметі жәйлі жан-жақты түсінік берді.
Ауыл ардагері Қ.Райымбек онлайн орталығының тұсау кесу салтанатты рәсімін жасап, ақ батасын берді.
Шараға ауыл тұрғындары, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты.












