
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурыз мерекесіне байланысты «Наурызым-нұрлы мерекем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жалағаш аудандық мүгедектер қоғамы» мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Наурыз-нұр шашқан ай» әдеби-мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді біліп қана қоймай, қолдана білуге баулу; халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.












