
Өскелең ұрпақты адамгершілік патриоттық рухта тәрбиелеу, Қазақстанда мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің өткен тарихына, халықтық мұрасына қызығушылық танытып құрметтеу мақсатында «Халық қуаты-бірлікте» атты таным сағаты өткізілді. Шара басында кітапханашы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы жайында айтып, тарихына тоқталды. Ел тәуелсіздігі арқасында жерімізде тұрып жатқан ұлт өкілдерін тату-тәтті, бірлікте, ынтымақта, достықта өмір сүріп жатқандығын әңгімеледі. Шараға белсене қатысқан оқушылар өз ой пікірлерін айтып, өз елін, тілін қалай сүйсе өзге халықтың салт-дәстүрлеріне де сондай құрметпен, жауапкершілікпен қарайтындықтарын жеткізді. Достық, бейбітшілік, Отан туралы өлеңдер оқыды.Шара соңында кітапханашы «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Ұйымдастырушы: Ақарық ауылдық кітапханасы












