
Абай және Пушкин
Қос данышпан.
Даналығын ақындардың
Бүкіл әлем таныған.
Ізгілікке үйретіп,
Жанымызды оятып,
Ақындыққа баулыған,
Ғасыр өтсін, жыл өтсін
Ұмытылмас жырларың
Асыл сөзін қос дананың
Мәңгі сақтар ұрпағың.- дей келе аудандық кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай мен орыстың ұлы классик ақыны А.С.Пушкиннің шығармаларын насихаттау мақсатында «Ұлы тұлғалар сабақтастығы» атты әдеби сайыс өтті. Әдеби сайысты аудандық кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева ашып, оқушыларға сәттілік тіледі. Әдеби сайысқа 5 мектептің оқушылары қатысып, қос данышпан ақынның өлеңдері мен шығармаларынан білімдерін көрсетті. Әділқазы алқасында әдеби сайысқа төрелік еткен «Жастар ресурстық орталығының Жалағаш ауданы бөлімінің аға кеңесшісі» Қожамұратов Айдос, «Ішкі саясат бөлімінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы» Мырзалиев Ернұр. Әділқазы алқасының төрелігімен 1-ші орынды №202 мектеп оқушылары , ІІ-орынды №31 мектеп оқушылары , ІІІ-орынды №201 мектеп-лицей оқушылары иеленді.. «Ұлы тұлғалар сабақтастығы» тақырыбындағы әдеби сайысты кітапханашы Жанар Искакова жүргізді. Абай мен Пушкиннің өмірі мен шығармаларынан слайд көрсетілді.












